• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Тамыз, 2021

Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілді

923 рет
көрсетілді

Қырғызстанның бұрынғы Президенті Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Sputnik Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі экс-президенттің туған жерге жеткізілгені туралы ақпаратты растағанын жазды.

– ҰҚК қабылдаған шаралардың нәтижесінде 2 тамызда бұрынғы Президент Асқар Ақаев Бішкекке жеткізіліп, бірден ведомствоаралық тергеу тобына тапсырылды, – делінген хабарламада.

Асқар Ақаев 1991-2005 жылдары Қырғызстан Президенті болды. Ол елде митингілер басталғанда қызметінен кетті. 2005 жылдан бастап Ресейде тұрады.

2021 жылдың шілдесінде Асқар Ақаев пен Қырғызстанның тағы бір экс-Президенті Құрманбек Бакиевке «Құмтөр» алтын кенішін игеруде сыбайлас жемқорлыққа байланысты іздеу жарияланғандығы белгілі болды.