• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 02 Тамыз, 2021

Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар арасында коронавирус оқиғалары тіркелді ме?

270 рет
көрсетілді

Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар арасында коронавирус оқиғалары тіркелді ме? Сұраққа ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біздің спортшылар арасында коронавирус ауруы тіркелген жоқ. Біз барлық санитарлық нормаларды сақтадық. Олимпиада басталар алдында үш күн бойы барлық спортшылар мен делегация мүшелері карантинге оқшауланды. Бәрі жақсы өтіп жатыр. Біздің спортшылардың ешқайсысы ауырған жоқ», деп жауап берді С. Сәпиев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Жалпы, Олимпиада басталғаннан бері жарысқа қатысушы немесе оны ұйымдастырушылар арасында коронавирус жұқтырудың 246 жағдайы анықталған.

«Олимпиадада COVID-19 жұқтыру фактілері әлі де тіркелуде. Токиода соңғы тәулікте 21 адам коронавирусқа шалдықты. Олардың арасында жазғы Олимпиада ойындарына қатысушылардың жоқтығы қуантады. Олимпиада басталғаннан бері жарысқа қатысушы немесе оны ұйымдастырушылар арасында коронавирус жұқтырудың 246 жағдайы анықталды», делінген Қазақстанда Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарламасында.