Промоутер Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі 2021 жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін екеніне сенбейді. Бұған дейін Сауль Альварестің Калеб Плантпен кездесуі болмай қалғаннан кейін қарсылассыз қалғаны белгілі болды, деп жазады Sports.kz.
«Мен Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегін қыркүйек айында ұйымдастыруға болатынына сенбеймін. Геннадий енді желтоқсан айында Рета Муратамен жұдырықтасуға толық көңіл бөледі. Альварес пен Головкин арасындағы жекпе-жек олар карьерасын аяқтағанға дейін күн тәртібінде бола береді. Бұл жекпе-жек 2022 жылдың мамыр айында өтуі мүмкін.
Қазір біз Альварестің 18 қыркүйекте жекпе-жек өткізіп-өткізбейтінін шешуіміз керек немесе демалып, биыл бізде тек бір жекпе-жек болатынын қабылдау керек», деп түсіндірді Херн BoxingScene-ке берген пікірінде.