• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 03 Тамыз, 2021

Қазақстанға 8 миллион доза вакцина жеткізіледі

164 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігі 4 миллион адамға коронавирустық инфекцияға қарсы 8 миллион доза вакцина жеткізуге келісім-шарт жасасты. Бұл туралы Үкімет отырысында ведомство басшысы Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінгі күні шамамен 9,4 миллион доза вакцина пайдаланылды, оның ішінде 1-компоненті бойынша 5 480 094 адам егілді, бұл тиісті халықтың 55,4%-ын құрайды. Екінші компонентпен 3 941 941 адам немесе тиісті халықтың 39,8% қамтылған», деді ол.

Сонымен қатар министр қосымша вакцина жеткізуге келісімшарттар жасағандығын хабарлады.

«Министрлік 4 миллион адамға 8 миллион дозаны қосымша жеткізуге келісімшарттар жасады. Жеткізу кестеге сәйкес жүргізілуде. Осыған байланысты, республикада халықтың вакцинацияға қол жетімділігі жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген», деді Цой.