ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ashyq жобасына қатысатын ұйымдардың санын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ashyq жобасына қосылуға қойылатын талаптарды жеңілдету қатысушылардың санын үш есеге арттырды. Ағымдағы жылдың 27 шілдесінен 2 тамызы аралығында жобаға қатысушылар саны 21 900-ден 67 782-ге дейін өсті», деді Алексей Цой Үкімет отырысында.
Ол Ashyq жобасы аясында мониторингтік топтар 50 мың объектіні - жобаның қатысушыларын қамтығанын еске салды.
«642 объектіде бұзушылықтар анықталды. Цифрлық даму министрлігінің дерегінше, 10 шілдеден бері 16 663 заң бұзушы анықталды, оның ішінде 10 305 келуші - «қызыл» және 6358 «сары» мәртебелі. Осылайша, 16 мыңнан астам нысанда тұрғындардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін сейілтті», деп қорытындылады министр.