ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қаралды, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, өңірлердегі жағдай туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.
Үкімет басшысы шектеу шаралары мен кәсіпкерлік белсенділіктің өсуін сақтау арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажеттігін атап өтті.
«Бүгінде Ashyq жобасы бизнеске карантиндік шаралар жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік береді», деді Асқар Мамин.
Биылғы 27 шілдеден бастап 2 тамызға дейін Ashyq жобасына қатысушылар саны 3 есеге – 21 900-ден 67 782-ге дейін артты.