Бүгін, 4 тамыз, қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасында спорттың бес түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Еркін күрес шеберлері мен велошабандоздар ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарындағы жолын бастаса, боксшылар жартылай финалда, ескекшілер іріктеу кезеңінде бақ сынайды.
Спорт түрі: Байдарка мен каноэде есу. Ширек финал/Іріктеу кезеңі
Спортшы: Маргарита Торлопова (С-1, 200 м)
Басталуы: 07:12
Спортшы: Наталья Сергеева (К-1, 500 м)
Басталуы: 07:47
Спорт түрі: Еркін күрес. Ерлер. 57 келі
Спортшы: Нұрислам Санаев
Басталуы: 08:30
Спорт түрі: Бокс. Жартылай финал. 91 келіден жоғары салмақ дәрежесі
Спортшы: Қамшыбек Қоңқабаев
Басталуы: 15:18
Спорт түрі: Велотрек. Ерлер. Спринт. Іріктеу.
Спортшы: Сергей Пономарев
Басталуы: 13:36