Токио Олимпиадасында еркін күрес бойынша сайыстар басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Нұрислам Санаев алғашқы кездесуін Гвинея-Бисау елінің өкілі Иуна Фафе Диамантиноға қарсы өткізді. Тартысты кездесуде 7:0 есебімен қазақстандық балуан жеңіске жетті.
Ширек финалда ол әлем чемпионы, Азия ойындарының қола жүлдегері жапониялық Юки Такахашимен кездеседі.