• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 05 Тамыз, 2021

Юсуп Батырмурзаев Олимпиада ойындарын аяқтады

358 рет
көрсетілді

Қазақстандық балуан Юсуп Батырмурзаев Токио Олимпиадасында жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аса ауыр салмақ бойынша сынға түскен қазақстандық алғашқы айналымда германиялық Геннадий Чудиновичтен жеңілді.

Отандасымыз Юсуп Батырмурзаев әдіс жасап, 8 ұпай еншіледі. Алайда, германиялық Геннадий Чудинович қарсы әдіспен таза жеңіске жетіп, уақытынан бұрын қазақстандық балуанды ұтты.

Айта кетсек, күрес ережесі бойынша Геннадий Чудинович финалға шыққан жағдайда, қазақстандық Юсуп Батырмурзаев жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.

Соңғы жаңалықтар