• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Тамыз, 2021

Қытай құрылысшы робот жасап шығарды

514 рет
көрсетілді

50 камерамен жабдықталған роботтың ұзындығы 80 метр, салмағы 460 тонна. Ол 120 тоннаға дейінгі бөренелерді орната алады, деп жазады Egemen.kz.

Құрылыс компоненттерін жинауға арналған алғашқы робот Қытайдың Цзянсу провинциясында құрастырылды, деп хабарлайды Science and Technology Daily.

Роботты China Railway Science & Industry Group Co, Ltd мен China Railway Construction Engineering Group әзірледі. Оны Гуанчжоу метро желісінің құрылысына пайдалану жоспарланып отыр.

Роботтың 32 шинадан тұратын сегіз аяғы бар. Бұл оған еркін қозғалуға мүмкіндік береді.

Beidou технологиясының арқасында робот 10 мм дәлдікпен өлшеу жүргізеді және алдағы уақытта екі патент алуы мүмкін.