• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Тамыз, 2021

Тәжікстанда құтқарушылар мінген тікұшақ апатқа ұшырады

325 рет
көрсетілді

Тәжік Шекара қызметінің құтқару тікұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Елдің туроператорлар қауымдастығының хабарлауынша, тікұшақ Мәскеуден келген жеті туристтің артынан ұшып шыққан. Олар Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялық облысының Ванчск ауданындағы Поймазор шатқалындағы мұздыққа көтерілген кезде байланыс үзілді, деп жазады РИА Новости.

«28 шілдеде 6 мың метрден астам биіктікте туристердің бірі көшкінге ұшырады. Басқалары бұл туралы хабарлап үлгерді, бірақ көп ұзамай байланыс арасы үзілді. Сапар ұйымдастырушылары туроператорлар қауымдастығы жанындағы тау-кен құтқару орталығынан көмек сұрады. 4 тамызда таңертең құтқарушылар тікұшағы туристерді іздеуге шығып, мұздыққа қонған кезде апатқа ұшырады. Тікұшақ апатынан ұшқыш қаза тауып, төрт жолаушы жарақат алды», деді ақпарат көзі.

Қосымша құтқарушылар тобы жарақат алғандарға көмектесу және Душанбеден ұшып шыққан тікұшақ қонуға болатын қауіпсіз жерге көшіру үшін оқиға орнына барады.

Жоғалған ресейлік туристерді іздеу жұмыстары жүргізілуде.