• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Тамыз, 2021

Ауыл тұрғындары көтерген бастама

656 рет
көрсетілді

Жылдағыға қарағанда, биыл көпшілік үшін шөп мәселесі өте қиын болып тұр. Біраз жерді жайлаған қуаңшылық, мал азығының тапшылығы сияқты күрделі мәселелер көптің алаңдатушылығын да тудыруда. Ежелден мал бағып, несібесін айырған қазақ үшін төрт түлікті баптау мен сақтау – игілікті іс. Дегенмен де күрделі мәселе сол күрмеулі күйінде қалмай, көпшіліктің кеңесуімен оң шешімін таба бастағандай. Жуырда Әулиеата өңірінен Сыр еліне қарай 33 тонна шөп жіберілді.

Аталған игілікті іс аймақтың белсенді аза­маттарының ұсынысымен қолға алын­ған. Бұл шараға өңірдің аудандары да үлес қосып отыр. Т.Рысқұлов ауданы Жаңа­тұрмыс ауылының тұрғындары мен ерік­тілері Арал қаласына үш вагон шөп жөнелт­ті. Ауыл тұрғындарының арнайы бастамасы мен қолдауы бұдан кейін де жалғасады.Жалпы, бүгінде мал басын сақтап қалу маңызды болып отыр. Осы орайда аталған ауданның Ақыртөбе және Тереңөзек ауылының тұрғындары да Сыр еліне мал азығын жіберген болатын. Сол сияқты Тараз, Шу, Луговой және Жаңатас темір жол стансаларындағы вагондарға облысымыздың барлық ауданынан келген жоңышқа, пішен және табиғи шөп артылып, Сыр еліне жол тартты.«Көп түкірсе – көл» дегендей, бірі үйіне жинап қойған жо­ңыш­­қасын, бірі орып алып қой­ған шөбін де беруде. Тіп­ті қаржылай қолдау көр­­сет­­кен азаматтар да бар екен. Мә­се­лен, Байзақ ауданы Ынты­мақ ауылдық окру­гіне қарасты «Бірлік» шаруа қожалығы да бұл іске өз үлес­терін қосып, 300 бау жо­ңышқа жіберіпті. «Сын сағат­та бірлігіміз сыналады, бірге бол­сақ – ынтымағымыз арта­ды. Біздің мақсат – уақыт оздыр­май, қуаңшылыққа тап бол­ған ағайынға шөпті ертерек жеткізу», дейді «Бірлік» шаруа қожалығының жетекшісі Рүстем Ақылбеков.Ал облыстық ауыл шаруа­шы­лығы басқармасының басшысы Қайрат Аманов аймақ­та қажетті ірі сабақты мал азы­ғы қорының жеткілікті екенін атап өтті. «Бүгінгі таңда облысымызда мал азығын дайындау жұмыстары жалғасын табуда. Мал қыстату науқанын ойдағыдай өткізу үшін 1,7 млн тонна пішен дайын­дау жоспарланған. Бүгінде 1,5 млн тонна пішен, 58 мың тон­на пішендеме дайындалды. Алда сүрлем дайындау науқаны тұр. Жалпы, облыста ірі сабақты мал азығының қоры қажетті мөлшерде жи­нал­­­ды. Енді, міне, өңір ша­руа­­ларының ұсынысымен қуаң­­­­­­шылықтан зардап шеккен Қызылорда облысының Арал қаласына, Сексеуіл кенті мен Қамыстыбас ауылдық окру­гіндегі шаруаларға жемшөп жеткізіледі», дейді ол.Биылғы аптап ыстық, ауа райы­ның қолайсыздығы қара­па­йым халыққа оңай тиіп отыр­­ған жоқ. Десе де, қара жер­дің қойнауынан бұ­­­йыр­ған ризықты әркім өзінің адал еңбегімен аршып алуда. Ал қол­да барды жақыны­мен бө­ліс­кен қазақтың бұл қара­па­йым қағидасы көп­ші­лікке үл­гі болатыны анық. Жам­был­­­дық­тар алдағы уа­қыт­та да қы­­зы­л­­ордалық аға­йын­­ға қа­жет­ті көмек көр­сетіле­тін­дігін жеткізді.