Қазақстандық балуан Әлішер Ерғали Олимпиада ойындарын ширек финалда аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
97 келі салмақта сынға түскен Әлішер Ерғали жартылай финалда түркиялық Сулейман Караденизбен күш сынасты.
Тартысты белдесу 8:7 есебімен түркиялық балуанның еншісіне шешіліп, Әлішер Ерғали ұтылып қалды.