Бұл туралы мұнайлы өңірдің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.
Бас имамның айтуынша, мешіттерде ұжымдық намаздарды оқуға уақытша шектеу қоюға эпидемиялық ахуалдың күрделенуі әсер еткен.
«Бұл шара аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қолға алынып отыр. Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жұмыс күндері мешіттерде бес уақыт намазды жеке оқуға рұқсат етіледі. Бірақ, жұма намаздары оқылмайды. Сенбі, жексенбі күндері мешіттер жабық болады», дейді Алтынбек Ұтысханұлы.