• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 06 Тамыз, 2021

Токио-2020: Дәулет Ниязбеков қола үшін күреседі

531 рет
көрсетілді

Еркін күрестен 65 келіде бақ сынаған Дәулет Ниязбеков Токио Олимпиадасында жұбаныш белдесуіне қатысады деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәулет жартылай финалда әзірбайжандық Гаджи Әлиевке 1:9 есебімен жол берген болатын. 

Әлиев өз кезегінде турнирдің финалына жолдама алып, үндістандық Баджранг Баджрангты 12:5 есебімен ұтты. 

Осылайша, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігін алып отыр.