Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Токио ойындарында екі Беларусь бапкерінің аккредитациясын жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елдің Олимпиада комитеті аккредитациясынан айырылғанын Артур Шумак пен Юрий Моисевич ХОК талабы бойынша Олимпиада ауылынан кетіп, жақын арада Минскіге оралатынын айтты.
Беларусь Олимпиада комитеті барлық Беларусь спортшысы мен бапкерін кез келген мүддені кемсіту түрінен толық қорғайтынын жеткізді.«Бұл шара Токиодағы Беларусь спортшыларының әл-ауқаты үшін қабылданды», делінген комитет хабарламасында.
Сондай-ақ бұл шешім Тимановская төңірегіндегі жанжал бойынша ХОК тәртіптік комиссиясының тергеуі аясында қабылданған. ХОК бұл жағдайға Шумак пен Моисевичтің рөлі қандай екенін тексерді.
Айта кетейік, 2 тамызда Тимановская 200 метр қашықтыққа жүгіруден стартқа шығуы керек еді, алайда құрама өкілдері оны жібермей қойған. Таяуда Кристина 4х400 метрлік эстафета құрамасына енгізілгені үшін Беларусьтің спорт шенеуніктерін сынаған еді.
Беларусь Ұлттық Олимпиада комитеті Токио Олимпиадасында республиканың жеңіл атлетикадан ұлттық командасының жаттықтырушылар штабы спортшыны үйге қайтару туралы шешім қабылдағанын айтты. Спортшының ойыннан шығарылу себебі оның эмоционалдық және психологиялық жағдайы деп аталды. Тимановскаяның өзі дәрігер оны тексермегенін және жаттықтырушылар штабы айтқан себептердің жалған екенін айтады.