• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 07 Тамыз, 2021

Токио-2020: Қазақстан спортшылары Олимпиаданы аяқтады

1201 рет
көрсетілді

Қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасындағы жарыстарын аяқтады. Ел құрамасы қоржынында барлығы сегіз қола медаль бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске салсақ, дүбірлі додаға Қазақстан атынан 97 спортшы спорттың 28 түрінен бақ сынады.

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті айтулы аламанға баратын тізімді нақтылау мақсатында іріктеу және рейтинг жарыстары аяқталғаннан кейін қорытынды шығарды. Нәтижесінде қазақстандық спортшылар барлығы сегіз қола медаль алды.

Бұл - ел спортшыларының қатысуымен өткен Жазғы Олимпиада ойындарындағы ең төменгі көрсеткіш. Сондай-ақ, өзінің тарихында тарихында тұңғыш рет алтын және күміс медальсыз қайтып отыр. Бұрын мұндай жағдай болған емес.

Ал 2004 жылы Африна Олимпиадасында небәрі жеті медаль олжалап қайтқан еді. Алайда олардың 1-і алтын, 4-і күміс, 3-і қола болатын. Қазақстан құрамасының бұған дейінгі Олимпиадалардағы көрсеткіші төмендегіше:

Атланта-1996 год - 3-4-4 (11)

Сидней -2000 год) - 3-4-0 (7) Афины-2004 - 1-4-3 (8)

Пекин - 2-3-4 (9)

Лондон-2012 - 3-1-7 (11)

Рио-де-Жанейро-2016 - 3-5-10 (18)