• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Елорда 08 Тамыз, 2021

Елордада Гоголь көшесінде көлік қозғалысы ішінара жабылды

137 рет
көрсетілді

Н. Гоголь көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жөндеу жұмысына кірісті.

Гоголь көшесінде 7-25 тамыз аралығында Құрманғазы көшесінен Игілік көшесіне дейінгі учаске көлік қозғалысы үшін ішінара жабылды.

 

Басқарма қолайсыздық үшін кешірім сұрай отырып, кептеліс тудырмас үшін жүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап алуды ұсынды.