• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Тамыз, 2021

ДДСҰ коронавирустың жаңа мутациясына жұлдыздар шоғырының атын қоймақшы

476 рет
көрсетілді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы SARS-CoV-2 коронавирустың жаңа нұсқаларын белгілеу үшін жұлдыздар шоғырының аттарын алмақшы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы халықаралық ұйымның сарапшысы Мария Ван Керкхове The Telegraph британ басылымының берген сұхбатында мәлім еткен.

«Шамасы бізге грек әліпбиінің әріптері жетпейтін секілді, келесі атаулар легін қарастырып жатырмыз», деді ол.

Сарапшының айтуынша, ежелгі грек құдайларының атын алу ұсынылған. Кейін бұдан бас тартылған.

ДДСҰ вирусты шыққан жердің атымен атауды дискриминация деп таныды. Мамыр айының соңында вирустың жаңа мутациясын грек әліпбиінің 24 әрпімен атай бастады.

COVID-19 ауруын тудыратын SARS-CoV-2 вирусы індет басталғаннан бері әлемде 202 млн адамнан табылған. 4 млн-нан астам науқас осы инфекциядан өлді. Шамамен 182 млн-ы жазылып кетті.