• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Тамыз, 2021

Ақмола облысында қарасора өсірген екі тұрғын ұсталды

239 рет
көрсетілді

Ақмола облысында құрамында есірткі бар өсімдіктерді егуга қатысты екі факті анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мәлімдеуінше, бірінші оқиға жалдамалы пәтерде жылыжай жасап, қолдан жасалған құмыраларда шамамен 50 түп қарасора өсірген облыс тұрғыны ұсталды.

Екінші факті бойынша бұрын бірнеше рет сотталып, наркологиялық есепте тұрған Степногор қаласының тұрғынының ауласынан полиция 28 түп қарасора тәркілеген. Сараптама тағайындалды.

«Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 300-бабы «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша қылмыстық істер қозғалды», деп қос деді Р. Құрсанова.