• RUB:
    5.49
  • USD:
    477.14
  • EUR:
    521.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Тамыз, 2021

«Көкек әкелер» жұмысқа «жегілді»

333 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының Әділет департаменті алимент бойынша міндеттемелерін орындамаған борышкерлерге қатысты қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларын іске асыруда.

Жақында кәмелетке тол­ма­ған­дар істері жөніндегі маман­дандырылған ауданаралық сот­тың үкімімен 2 борышкер Қыл­мыстық Кодекстің 139 бабына (али­мент төлеудан жалтару) сәй­кес кінәлі деп танылып, 1 жылға бостандығы шектеліп, та­ғайындалған бар­лық мерзімге про­бациялық бақылау қойылып, 100 сағат мәж­бүрлі еңбекке тар­тыл­­ды. Үкімдер заңды күшіне енді.

Борышкерлердің алимент бойынша берешек сомалары тиі­сінше 924 733 теңгені және 1 653 260 теңгені құрады. Олар бір­неше жыл бойы кәмелетке тол­маған балаларын асырау үшін алимент төлемеген.

Биылдың бірінші жартысында құқық қорғау органдары 76 борышкерге қатысты қылмыстық іс қозғап, оның 7-еуі «көкек әкелердің» берешек сомасын іле толық төлеуіне орай тоқтатылған.

Сонымен қатар тұрақты негізде борышкерлерді жұ­­мысқа орналастыру іс-шара­лары өткі­зілуде. Өткен алты айда 230 борышкер жұмысқа ор­на­лас­­тырылған. Осылайша, Әділет департаменті атқарған жұ­мыстың нәтижесінде проб­­­лемалы алимент тө­ле­меу­­шілер саны 12 пайызға азай­ған.

 

«Егемен-ақпарат»