• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Тамыз, 2021

«Әр істің бір қайыры бар» - Спорт комитетінің төрағасы Серік Сәпиев пікір білдірді

2797 рет
көрсетілді

Бокстан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев өзінің спорттық карьерасы туралы айтты, деп жазады Egemen.kz  Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Жас спортшы ретінде менің ең үлкен арманым Олимпиада чемпионы атану болды. Бұл атақты алу мен үшін үлкен мәртебе еді. Оның үстіне маған Вэл Баркер сыйлығы берілді.

Алайда, осы ірі жеңістен кейін жаттықтырушыларымды тыңдап, бокс мансабын тоқтатуға шешім қабылдадым. Бірінші кезекте денсаулығыма назар аударғым келді.

Әрине, кейде кәсіпқой боксқа ауысуыма болар еді деп те ойлаймын, бірақ «Әр істің бір қайыры бар», деді Сәпиев The Ring-ке берген сұхбатында.