Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарының туы Париж қаласына табысталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осылайша келесі XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылы Франция астанасында өтпек. Олимпиада туын табыстау рәсімі Эйфел мұнарасы маңында ұйымдастырылды. Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах туды Париж қаласының мэрі Анн Идальгоға ұстатты.
Айта кетейік, бұған дейін Францияда жазғы ойындар екі мәрте өткізілген болатын. Әлемдік дәрежедегі спорт сайысы Парижде 1900 және 1920 жылы өткен еді.