• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Тамыз, 2021

Атырау дәрігерлері өкпесінің 90 пайызы қабынған әйелді емдеп шығарды

352 рет
көрсетілді

Бұл туралы №2 облыстық ауруханасының дәрігері Айдана Ғалымжанқызы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, науқас ауруханаға 17 шілдеде түскен.

«Науқастың өкпесінің 90 пайызы қабынған. Оны жансақтау бөліміне жеткізбей, бейімдеу бөлімінде емдедік. Нақты қойылған диагноз бен ем-домның нәтижесінде науқас сауығып,  8 тамызда ауруханадан шығарылды. Алдағы уақытта Махамбет ауданында участкелік дәрігердің тікелей бақылауында болады. Бұл – өңірде тіркелген бірінші жағдай», дейді Айдана Ғалымжанқызы.

Қазір аталған ауруханада өкпесінің 98 пайызы қабынып түскен науқастар емделіп жатыр.