Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов бүгін коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
СҚО әкімі Құмар Ақсақалов бұл жайында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Көктемде коронавируспен ауырып тұрдым. Белгілі бір уақыт өтті, сондықтан дәрігерлер вакцина қабылдауға кеңес берді. Ауырмау үшін мен отбасыммен екпе алуды шештік. Кеше ұлым екпе алды, ертең әйелім вакцина қабылдайды.
Бүгін мен «Sputnik V» вакцинасының бірінші компонентін алдым. Мен барлығын екпе алуға шақырамын, бұл қауіпті вируспен күресудің ең тиімді әдісі. Ауырмаңыздар!», деп жазды Құмар Ақсақалов.