3-5 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтанда U19, U23 және Mixed Relay санатындағы Азия чемпионаты өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты шара өтпейтін болды, деп жазады Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі бірінші орында тұрғандықтан, сондай-ақ еліміздегі бас санитардың қаулысына сәйкес, ұйымдастыру комитеті Нұр-Сұлтандағы Азия біріншілігін өткізбеу туралы шешім қабылдады.
Келесі жылы елдегі эпидахуал тұрақталып, жоспарланған жарыстар мерзімінде өтеді деп сенеміз», деп жазылған федерацияның хабарламасында.