Шымкент қаласының Бас мемлекеттік дәрігері қаладағы карантиндік шаралар туралы қаулыға өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жаңа өзгерістер тек Ashyq бағдарламасына қатысатын объектілерге ғана қатысты.
Қаладағы бірқатар объектілердің жұмыс уақытындағы өзгерістер:
Орталықтар мен сұлулық салондары, шаштараздар - уақыты бойынша 7:00-ден 20:00-ге дейін шектеумен, алдын ала жазылу бойынша Ashyq жобасының «көшбасшысы» мәртебесі бар қатысушылар 00:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері қызметін тоқтата тұрумен. Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес) - 7:00-ден 17:00-ге дейін. «Көшбасшы» мәртебесі бар қатысушылар сағат 19:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді. ХҚКО 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді. Алдын-ала брондау міндетті болып табылады. Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері - 7:00-ден 22:00-ге дейін. «Көшбасшы» мәртебесі бар қатысушылар 00:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді. Жазғы алаңдар - 7:00-ден 00:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді. СОО, сауда үйлері, сауда желілері - 7:00-ден 22:00-ге дейін. «Көшбасшы» мәртебесі бар қатысушылар 00:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді. Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар – толымдылығы 30%-дан аспайтын, сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін, «көшбасшы» мәртебесі бар қатысушылар сағат 00:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді.Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.