Шығыс Қазақстан облысында шомылу маусымы басталғалы бері суға бата жаздаған 20-дан астам адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, оқиғалардың көбісі жабдықталмаған су айдындарында орын алған.
«Биылғы шомылу маусымы басталғалы бері суға батып бара жатқан 20-дан астам адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды. Өкінішке қарай, қаза болғандар да аз емес. Олар мас күйінде шомылғандар және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағандар», деді ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.