• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Тамыз, 2021

Алматыдан шыққан ұшаққа найзағай түсті

Алматыдан ұшып шыққан «Эйр Астана» ұшағы найзағай түсті деген хабардан кейін әуежайға оралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға 9 тамызда кешке Алматы - Тбилиси бағыты бойынша ұшатын әуе кемесімен болған. Ұшақ 20.30-да ұшып, найзағай түскен болуы мүмкін деген себеппен Алматы әуежайына оралды. 

«Ұшақ штаттық режимде қонды. Зардап шеккендер жоқ. Борт ауыстырылғаннан кейін жолаушылар межелі пунктке сағат 00.40-та ұшып кетті. Ұшақ инспекциясы толық көлемде орындалды, найзағай түспеген болып шықты», деді «Эйр Астана» әуекомпаниясының өкілі.

 

Соңғы жаңалықтар