Бүгін Олимпиада жалауы бүгін Жапониядан Францияға жеткізілді. Бұл Токио-2020 ойындарының ресми түрде аяқталып, кезек Париж-2024-ке келгенін көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Париж мэрі Анн Идальго делегацияны ұшақтан қарсы алды.
2024 жылғы Париж ойындарына үш жылдан аз уақыт қалды. Себебі Токио-2020 ойындары COVID-19 пандемиясына байланысты бір жылға кейінге қалдырылған болатын.
Идальго туды Токио-2020 жабылу салтанатында ХОК президенті Томас Бахтан ресми түрде алды. Ол журналистерге ту Париж ойындарының жақындап келе жатқанының белгісі екенін айтты, деп жазады Washington Post.
Мэр Париж 2024 ұйымдастыру комитеті ойындарға дайындықты, оның ішінде қауіпсіздік мәселелерін жеңілдету үшін Токио 2020 ұйымдастырушыларымен байланыс орнататынын мәлімдеді.
Енді Олимпиада жалауы Париж мэриясында болады.
Айта кетейік, Париждегі Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында, Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.