• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Тамыз, 2021

Қазалыда вирус жұқтырған 6 науқастың жағдайы өте ауыр

Қызылорда облысы Қазалыда аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың төрағалығымен коронавирустық инфекцияның алдын алуға байланысты кезекті штаб отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Отырыста аудан көлеміндегі жиын-тойдың тоқтамай тұрғаны айтылды. Осыған орай аудан басшысы Мұхтар Оразбаев мониторингтік топтардың жұмысын сынап, қатаң шаралар қабылдау қажет екенін айтты.

Мұнан соң аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлсім Имандосова Әйтеке би кентінде жұқпалы індетке шалдыққандардың қарасы қалың екенін тілге тиек етті. Сол үшін де аудан орталығында жиын-той ұйымдастыруды тоқтату қажетін айтты.

Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақыткүл Әлішева аудандағы вакцинациялау жұмыстары жөнінде айтып берді.

Бас дәрігер Бақытгүл Әлмәмбетқызының айтуынша, қазір 6 науқастың жағдайы өте ауыр. Бір отбасынан 3 адамның індет жұқтырғаны жайлы деректер бар. 

Соңғы жаңалықтар