• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Тамыз, 2021

Шығыс Қазақстан облысында комитет қызметкерлері сотталды

348 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт комитетінің  бұрынғы қызметкерлері сотталды, деп жазады Egemen.kz.

«Шығыс Қазақстан облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Дене шынықтыру және спорт комитеті департаментінің экс-басшысы қомақты пара алғаны үшін айыптады (Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 2-бөлігі), Дене шынықтыру және спорт комитеті басшысының бұрынғы орынбасары қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін (ҚК 361-бабының 4-бөлігі, 3-тармағы),  ЖШС-нің бұрынғы басшысы алаяқтық үшін (ҚК 190-бап, 4 -бөлігі, 2-тармағы) сотталды», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Комитет төрағасының бұрынғы орынбасары мен ЖШС-нің экс-басшысы алдын ала келісім бойынша Риддердегі 300 орынға арналған Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі оқу ғимаратының құрылысына бөлінген жалпы сомасы 354 112 947 теңгені құрайтын бюджет қаражатын орындалған жұмыстардың актілеріне қол қою арқылы ұрлады. 

Сонымен қатар, Комитет департаментінің экс-басшысы 2018 жылдың мамыр айынан желтоқсан айына дейінгі кезеңде  ЖШС-нің бұрынғы басшысынан 35 013 881 теңге сомасында пара алды және 13 000 000 теңгені құрайтын басқа басқа мүлікті (автокөлікті) алды деп айыпталды. 

Сондай-ақ, ЖШС-нің экс-басшысы 2018 жылдың тамызынан 2019 жылдың сәуіріне дейінгі аралықта алдау мен қиянат жасау арқылы объектілер құрылысына бөлінген 172 323 635 теңге сомасындағы бюджет қаражатын ұрлады. Ол қаражат Аягөз ет комбинаты аймағындағы, Қопа ауылындағы, Ай ауылындағы су қабылдайтын құрылыстар мен сумен жабдықтау желілерін салуға арналған.

«Сот Комитеттің экс-басшысын - 5 жылға, Дене шынықтыру және спорт комитеті төрағасының экс-орынбасарын - 3 жылға, ЖШС басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырды», деп хабарлады департаменттен.

Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.