Өзбекстанның халыққа білім беру министрлігі 2021-2022 оқу жылында мектептердегі сабақ аралас форматта өтетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz Орталық Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік шешімін елде мектеп жасындағы балалар арасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші жоғарылағанымен түсіндірді.
Жаңа оқу жылында кейбір мектептер қалыптасқан жағдайға байланысты карантинге жабылып, оқуды қашықтан жалғастыруы мүмкін.
«Мұндай жағдайда оқушылар үйде оқиды. Оқушыларға қашықтан оқуға көмек ретінде Ұлттық телерарадиомпанияның телеарналарында сабақтар көрсетіледі», деп жазылған министрлік хабарламасында.
Қашықтан оқу жүйесі мектепте оқуды алмастыра алмайтынын ескерткен министрлік білім жүйесіндегі қызметкерлерді вакцина салдыруға шақырды.