• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Тамыз, 2021

Грузия әлемде коронавирустың таралу жылдамдығы бойынша екінші орынға шықты

303 рет
көрсетілді

Грузия коронавирустың таралу жылдамдығы бойынша әлемде екінші орынға шықты: 100 мың тұрғынға жүзден астам жағдай келеді. Бұл статистиканы The New York Times ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Басылымның мәліметінше, қазір бұл көрсеткіш бойынша Грузияны тек Ұлыбританияның Ирландия теңізіндегі Мэн аралы басып озады.

Грузия Денсаулық сақтау министрі Екатерина Тикарадзе қалыптасқан жағдайға түсініктеме берді. 

«Инфекция жұқтырудың жаңа жағдайларының көп болуы дельта штаммының таралуына байланысты болды. Бұл біздің бүгінгі күрделі процесстің басты себебі», деп «Sputnik Грузия» министрдің сөзін келтіреді.

Министр соңғы бірнеше аптада елде жедел жәрдем бригадаларының шақырулар саны 50 пайызға артқанын атап өтті. Көп жағдайда дәрігерлер шақырту орындарына кешігіп келетіні анықталды.

Соңғы мәліметтер бойынша, Грузияда коронавирус жұқтырғандардың саны 455 846-ға жетті. 43 мыңнан астам пациент аурудың белсенді сатысында болса, 6182 адам инфекцияның құрбаны атанды. 205 мың азамат вакцинацияның толық курсынан өтті.

Бұған дейін Тбилиси жұқпалы аурулар ауруханасының басшысы Тенгиз Церцвадзе Грузияның Денсаулық сақтау жүйесінде Сovid-19 бар науқастар ағынының күрт өсуіне байланысты құлдырау болуы мүмкін деп мәлімдеді. Ол Үндістанның коронавирус штаммы елде белсенді түрде таралатынын атап өтті.