Биыл Шығыс Қазақстан облысында 800 тоннадан астам пішен жанып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Апта сайын жем-шөп сақталатын жерлерде, пішен жиналған сарайларда өрт шыққаны туралы хабарлама түседі. Мұндай өрт Үржар, Көкпекті, Жарма, Аягөз, Бесқарағай және Күршім аудандарында тіркелді. Өрт шығуының негізгі себебі – отты абайсыз пайдалану және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы», деп жазылған хабарламада.