Атырауда Жайық өзеніне батқан 52 жастағы ер адамды таппай жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асхат Ержановтың мәліметінше, жыл басынан бері 22 адам суға батып, жантәсілім еткен.
«Суға батқандардың арасында 7 бала бар. Өткен аптада екі адам суға батып кетті. Оның бірі – Махамбет ауданында, екіншісі Атырау қаласында Жайыққа батты. Ал, 9 тамызда Қызылбалық ауылында Жайық өзеніне батып кеткен 1969 жылы туған ер адамның денесі іздестіріліп жатыр», дейді Асхат Ержанов.