• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 11 Тамыз, 2021

Доллар бағасы арзандады

190 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 10 тамыз кешімен салыстырғанда 0,53 теңгеге құлдырап, 1 доллар 425,30 теңге болды.

Ұлттық банктің 11 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 425,83 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425,24 теңге, сатып алу – 426,80теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 425,17 теңгеден болса, сатып алу құны – 426,23 теңге.