Ағымдағы жылы 10 тамыз күні кешкі сағат 19:30 шамасында облыс орталығында екі автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның себеп-салдары анықталуда.