Оралда өзенге батып кеткен 20 жастағы жігіттің денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 11 тамыз күні таңмен «Самал-3» шағынауданында «Set Sail» демалыс аймағы аумағында болды.
Сағат 09.10-да күзетші Шаған өзенінен 2001 жылғы жігіттің денесін шығарып алған.
Марқұм сағат 08.00-де белгісіз жағдайда киімшең күйінде суға батып кеткен.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
Осымен өңірде жыл басынан бері 27 адам суға кетсе, соның 9-ы – жасөспірімдер.