• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Тамыз, 2021

Дәрісхана ашылды

491 рет
көрсетілді

Воронеж қаласындағы (Ресей) Әскери-әуе академиясының командалық факультетінде және авиацияның жауынгерлік іс-қимылдарын қамтамасыз ету факультетінде оқитын қазақстандық әскери қызметшілер – магистратура тыңдаушыларының күшімен аты аңызға айналған ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майор­ы Талғат Бигелдинов атындағы дәрісхана ашылды.

Дәрісхананы құру идеясын оқу орнының басшылығы қолдады. Академия бастығының әскери-саяси жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Андрей Еремин Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске қол жеткізуде қазақ­стандық жауынгерлердің орасан зор үлес қосқанын атап өтті.

Магистратура тыңдаушыла­рының атынан сөз сөйлеген подполковник Бақытжан Үсібәлиев даңқты ұшқыштың өмірі мен ер­ліктері туралы деректер айтты.

Алматы қаласының Орта­лық мемлекеттік архивінен дәрісханаға арналған экспонаттар, атап айтқанда, Талғат Бигелдиновтің мемлекеттік наградаларын қоса алғанда, оның жеке заттары, Ил-2 ұшағының макеті, «Алтын жұлдыз» ме­даль­дары мен наградтау құжат­та­рының көшірмелері, архивтік фотосуреттері берілді.

Даңқты ұшқыштың туған күнінде Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің әс­кери институтында еске алу іс-шаралары болып өтті. Әскери қызметшілер екі мәрте Кеңес Ода­ғының Батыры Талғат Би­гел­диновтің мүсініне гүл шоғы салынған себеттер қойды.