• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Тамыз, 2021

«Интернет-алаяқ» есебінде тұрған қарағандылық құрықталды

201 рет
көрсетілді

Жедел әрекет «Anti-fraud» іс-шарасы аясында жүзеге асты. Ақмолалық полиция қызметкерлері ақпараттық жүйені қолдана отырып, интернет-алаяқтық және ұрлық фактілері бойынша бұрын жасалған қылмыстық істерді ашу бойынша шаралар қабылдауда, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz -ке сілтеме жасап.

2020 жылдың желтоқсан айында Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 50 жастағы тұрғыны жүгінді. Әйел «Манимен» МҚҰ-да интернет-ресурс арқылы белгісіз адам оның атына 65 мың теңге сомаға онлайн-қарыз ресімдегенін хабарлады. Аталған іс бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол бұрын ҚК 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотталған, «интернет-алаяқ» санаты бойынша есепте тұрған 40 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысының аумағында ағымдағы жылдың 9-15 тамыз аралығында ақпараттық технологияларды, оның ішінде, интернет-алаяқтықтарды пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күреске бағытталған «Anti-fraud» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.