• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2021

БҚО-да 64 тонна шөп жанып кетті

344 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсуат ауылында 9 ауладан өрт шықты, деп жазады Egemen.kz  «Хабар 24-ке» сілтеме жасап.

 

Тілсіз жаудың тұтану салдарынан қора-қопсы мен 64 тонна шөп жанып кетті. Дес бермеген қызыл жалын тек 8 сағаттан соң сөндірілген. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар Орал қаласының іргесінде 120 гектар алқап та отқа оранды. Төтенше жағдайлар департаментінен арнайы штаб құрылып, өртті сөндіруге 104 адам мен 15 техника жұмылдырылды. Бұған қоса, орман шаруашылығы мекемесі мен ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан қосымша күш тартылған. Күні бойы үздіксіз жедел әрекет нәтижесінде қызыл жалын толық өшірілді. Қазір оқыс оқиғалардың шығу себебі анықталып жатыр.