Биылғы қаңтар-шілде айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2,4% - ға артып, 1 997,3 млрд теңгені құрады. Өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін 3,4% - ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілген, деп жазады Egemen.kz ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
Облыстар бөлінісінде республикалық деңгейден жоғары қарқын Ақмола – 111,8%, Жамбыл – 104,2%, Павлодар – 103,9%, Шығыс Қазақстан, Қарағанды-103% және Қостанай – 102,7% облыстарында байқалды.
Мал шаруашылығындағы мал мен құс санының барлық шаруашылық түрінде өскен. Ірі қара мал басы 4,8% – ға артып, 9 млн басты, қой мен ешкі – 2,5% – ға 24,1 млн басты, жылқы-9,4% - ға 3,5 млн басты құраса, құс-7,1% - ға 49,7 млн басқа жеткен.
Көрсетілген кезеңде азық-түлік өнімдерінің өндірісі 3,9% - ға өсіп, 1 228,4 млрд теңгені құрады.