ҚР Энергетика министрлігі 2021 жылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша отын-энергетикалық кешеннің ағымдағы жағдайы туралы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Көрсетілген кезеңде мұнай және конденсат өндіру көлемі 49,8 млн тоннаны құрап, жоспар 99% орындалды. Теңіз жобасында аталған кезеңде 15,9 млн тонна мұнай өндірілді, жоспар 100 пайызға атқарылды. Қарашығанақ жобасының көрсеткіші 6,9 млн тоннаны құрады, бұл көрсеткіш биылғы жеті айдың жоспарына қарағанда 95,1%-ды қамтыды», деп жазылған министрлік мәліметінде.
Орынбор газ өңдеу зауытындағы жоспардан тыс жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне орай, Қарашығанақ кен орнынан жеткізілетін газды қабылдауды шектеу себебінен, есепті айдың жоспарының көрсеткішінен төмен болуына алып келді.
«Солтүстік Каспий жобасы – Қашағанда мұнай өндіру көлемі – 8,7 млн тонна болды, яғни қаңтар-шілде айларының жоспары 100% орындалды. Есепті кезеңде 39,3 млн тонна мұнай экспортталды, ағымдағы жылғы қаңтар-шілде айларының жоспары 100%-ға орындалды» деп аталып өткен ведомство хабарламасында.