• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
18 Қаңтар, 2014

Сноуден баспасөз бостандығы қорының директорлар кеңесіне кіреді

370 рет
көрсетілді

АҚШ орталық барлау басқармасының бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден баспасөз бостандығы қорының директорлар кеңесіне мүше болады. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

АҚШ-тың баспасөз бостандығы қоры 2012 жылдың желтоқсан айында қоғамның қызығушылығын тудыратын ақпараттардың ашық болуына ұмтылған журналистерге қолдау көрсету әрі қорғау мақсатында құрылған болатын. Қор директорлар кеңесінің құрамына 1960 жылдары Вьетнамға қатысты Пентагон құжаттарының жария етілуін ұйымдастырған АҚШ Қорғаныс министрінің бұрынғы көмекшісі Дэниэл Эллсберг, актер Джон Кьюсак пен Сноуденның ақпараттарын жариялау арқылы танымалдылығы артқан британдық «Guardian» газетінің қызметкері Гленн Гринвальд кірді.

Эдвард Сноуден өткен жылдың маусым айында АҚШ арнайы қызметінің түрлі елдердегі азаматтардың интернеттегі және телефондағы байланыстарын жасырын тыңдайтын құпия бағдарламасын жұртшылыққа жария еткен болатын. Бағдарлама халықаралық деңгейде дау тудырып, АҚШ-тың одақтастары да оған наразылықтарын білдірген еді. Сол жылдың тамызында ол Ресейден бір жылға уақытша саяси баспана алды.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Фото: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар