ҚР Энергетика министрлігі 2021 жылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша энергия өндіру көрсеткіштерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Есепті кезеңде 66,2 млрд кВт.сағат электр энергиясы өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,7% құрап отыр. Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша Жаңартылатын энергия көздері нысандары өндірген электр энергиясының көлемі 2,03 млрд кВт.сағ, былтырдың сәйкес кезеңіне қарағанда 142% құрады», деп жазылған министрлік мәліметінде.