• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Тамыз, 2021

Гаитидегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 724-ке жетті

1333 рет
көрсетілді

Сенбіде Гаитиде болған жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 724-ке жетті. Бұл туралы елдегі Азаматтық қорғау департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 724-ке жетті. Оңтүстік департаментте - 500 адам, Гранд Ансте бөлімінде - 100 адам, Нипп бөлімінде - 122 адам және елдің солтүстік-батысында екі адам қайтыс болды», деп жазылған департамент хабарламасында.

Зілзаладан 2,8 мыңнан астам адам зардап шеккені айтылады.

Айта кетейік, сенбі күні таңертең Гаитиде 7,2 балдық жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы шамамен 125 мың адам тұратын Ле-Ке коммунасынан 40 км қашықтықта орналасқан.

Оңтүстік, Гранд Анс және Нипп департаменттері қатты зардап шекті. Онда ауруханалар мен діни ғимараттар қираған.

Үкімет бір айға төтенше жағдай енгізді.