• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Қаңтар, 2014

Спорт пен денсаулық – егіз

570 рет
көрсетілді

Мен Елбасы Н.Назарбаевтың ха­лыққа арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауымен танысып, ел экономикасын, республика тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын одан әрі ілгерілетуді көздейтін басты құжат ретінде қабылдадым.

Мен Елбасы Н.Назарбаевтың ха­лыққа арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауымен танысып, ел экономикасын, республика тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын одан әрі ілгерілетуді көздейтін басты құжат ретінде қабылдадым.  Осы жолы да Президент қазақстандықтардың арман-мақсатын бірінші орынға қоя отырып қалыптасқан мемлекеттің ұзақмерзімге бағдарланған саяси қадамдарын кезең-кезеңге бөліп қарастыруынан-ақ мемлекеттілігіміздің, ұлттық эко­но­­микамыздың, азаматтық қоға­мы­мыз­дың нақты даму жолын аңғарамыз. Бізді жаһандық дағдарыс­тар­дың салдарынан әлемнің әр түкпі­рінде болып жатқан қаржылық дағда­рыстар үрейлендірмейді.

Елбасы әр Жолдауында ұлт денсаулығы табысты болашағымыздың негізі екенін үнемі айтып, саламатты өмір сүруге үндеп келеді. Бұл орайда, денешынықтыру мен спорт ұлт денсаулығының кілті екенін ешкім жоққа шығармаса керек. Бүгінде облыс тұрғындарының төрттен бірі бұқаралық спорттық шаралармен қамтылған. Жүрек-қан тамырлары, туберкулез секілді аса қауіпті ауру­лар­дың азая түскені, ана мен бала өлі­мінің төмендегені байқалады. Мұның бәрі медициналық көмектің қол­же­тім­ділігін кеңейтуге бағытталған ша­ралардың нақты жемісі екені даусыз.

Мұның алдындағы жолдауларда 2015 жылға таман қазақстандықтардың өмір жасының күтілетін ұзақтығын 70 жасқа дейін, ал 2020 жылға қарай 72 жасқа дейін ұлғайту көзделсе, енді 80 жасқа, одан әрі де ғұмыр кешу мүмкіндіктерінің аталуы өте құп­­­тарлық. Меніңше, бақытты қарттық­­­­ты бастан өткерудің бірден-бір жолы, Елбасымыз атап өткендей, өте маңыз­ды мақсат. Оған қол жеткізетін күн де алыс емес. Жыл өткен сайын елімізде денсаулық, спорттық нысандар салу, осы заманғы құрал-жабдықтар орнату жайы жақсарып келеді. 

Спорт пен халық денсаулығы Қа­зақ­станның өзінің стратегиялық мақ­саттарына жетудегі табысының ажырамас құрамы екенін Елбасы кезекті Жолдауында тағы бір айқындап берді.

Андрей ГЛЫВЯК,

гір спортынан аға жаттықтырушы.

Солтүстік Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар