• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Тамыз, 2021

«Өрт қаупі жоғары». Төрт өңірде ескерту жарияланды

159 рет
көрсетілді

17 тамызда Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 17 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстанда найзағай күтіледі. Кейбір жерлерде өрт қаупі жоғары екені анықталды.

Батыс Қазақстан облысында 39 градус ыстық болады деп күтілуде. Кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда да күндіз 37 градус ыстық болады деп болжанып отыр.

Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Өрт қаупі сақталуда.

Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде желдің жылдамығы 15-20 м/с жетеді.