• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Тамыз, 2021

Германия вакцинаның үшінші дозасын егуді бастады

238 рет
көрсетілді

Германияда коронавирусқа қарсы иммунитеті төмен халыққа вакцинаның үшінші дозасын салу науқаны басталды, деп хабарлайды Egemen.kz The Local-ге сілтеме жасап.

Бұл топқа бірінші кезекте қарттар үйінің тұрғындары, иммун тапшылығы бар адамдар және 80 жастан асқан адамдар жатады. Себебі аталған тұрғындардың коронавирус инфекциясынан қайтыс болу қаупі жоғары.

Вакцинаның үшінші дозасын алу үшін екіншісінен кейін аз дегенде алты ай өтуі керек.  

Баварияның денсаулық сақтау министрі Клаус Холоцчек аймақтағы дәрігерлер мен вакцинация орталықтары осы аптада қосымша COVID-19 вакцинациясын ұсынатынын айтты. Сонымен бірге Германияның федералды штаттары үкіметі қыркүйектен бастап вакцинаның үшінші дозасы салуды бастауға келісті. Қазір елдің көптеген аймағында науқанға дайындық жүріп жатыр.

Үшінші доза ретінде Pfizer / BioNTech немесе Moderna вакцинасы салынуы мүмкін. AstraZeneca немесе Johnson&Johnson сияқты векторлық вакцинаны алған адамдар да алуға құқылы болады.

Бұған дейін ДДСҰ басшысы ревакцинацияға мораторий жариялауға шақырған болатын. Осыған қарамастан, Израиль бес айдан астам уақыт бұрын екінші дозаны алған, 60 жастан асқан барлық тұрғынға вакцинаның үшінші дозасын егуді бастады. Шілде айының соңында Израиль президенті Ицхак Герцог пен оның әйелі үшінші дозаны алды.